Үмітхан Мұңалбаева «Праймериз» аясында елорда тұрғындарымен кездесті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаева "Нұр-Отан" партиясының «Праймериз-2020» іріктеуінің үгіт-насихат жұмыстарының қалай атқарылып жатқаны туралы айтты.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.

Осыған дейін кандидат ретінде Н. Назарбаев атындағы халықаралық әуежай мен  «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында халықпен кездескен ол, жиналғандарды өзінің Сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен таныстырды.

Атап айтсақ, әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, қолжетімді және сапалы білім, қоғамның рухани жаңғыруы, Қазақстанда мәдениет пен кітапхананы дамыту секілді іргелі бағыттардан тұратын бағдарламаның қамтыған жақтары көп.

Атап өту керек, Үмітхан Дәуренбекқызы педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі, Тарих және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, «Council of Museums ICOM» Халықаралық Мұражайлар Одағы Қазақстандық мұражайлар қауымдастығының тұңғыш төрайымы.

«Ерен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» және «Қазақстан Ассамблеясына 20 жыл» ҚР Президентінің мерекелік төсбелгілерімен марапатталған.

2015 жылы «Достастық жұлдыздары» халықаралық төсбелгісін, 2017 жылы мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, оны насихаттауға қосқан үлесі үшін «Тіл жанашыры» төсбелгілерімен мараптталып, 2019 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатына ие болған.

Сонымен қатар Т.Жүргенов атындағы «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасы бойынша доцент академиялық, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры академиялық және Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры академиялық атағы, тарих және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі атағы берілді.