Ресейлік автосалондар қазақстандықтарға көлік сатпау туралы бұйрық алды

Ресейдің Екатеринбург қаласындағы автодилерлер қазақстандықтарға көлік сатпау туралы бұйрық алған.

Автосалон. Иллюстративное фото с сайта progorod76.ru

Автосалон. Иллюстрациялық фото: progorod76.ru

Бұл туралы «Уралинформбюроға» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Ақпарат көздерінен белгілі болғандай, мұндай бұйрық Қазақстандағы автодилерлерге қолдау көрсету мақсатында жоғарыдан берілген екен.

Қазақстандықтардың Ресейге сауда жасауға ағылуына тағы да рубльдің доллар мен еуроға шаққанда құнсыздануы себеп болған.

Қазақстан тұрғындары Екатеринбургке көлік алуға өткен жылдың аяғынан бастап ағылуда. Сол аралықта Қазақстан автодилерлері сатып алушылар азайғаннан зардап шегіп жатыр.

Ал Екатеринбург автосалондары бұл жайтты теріске шығарып отыр. Олар қазақстандықтардың қалаға көлік алу үшін келе беруіне болатынын айтқанымен, қазірде валюта құбылуына орай көлік бағалары қайта қаралып жатқанын алға тартты.

Ендігі көліктердің құны қандай болары белгісіз. Сатып алушылар бұған дейінгі беріліп келген жеңілдіктерден де қағылатын сыңайлы.