Алматыда ақсақал сот орындаушысын бір ұрып құлатты (видео)

Алматыда ақсақал сот орындаушысын бір ұрып құлатты (видео)

Алматыда жеке сот орындаушысы Әділ Ермеков соққыға жығылды. Бұл жайтқа бокстан әлем чемпионы Жанқош Тұраровтың да қатысы бар, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желіде сот орындаушысының өз міндетін атқару кезінде бауыр тұсынан ауыр соққы алып, жан ұшыра ойбайлап, жерге домалай кеткен видеосы тарады.

Алматыдағы жеке сот орындаушылар палатасындағылар тілшілерге бұл видео қосалқы құрылыс нысанын сүру оқиғасы кезінде түсірлегенін айтты. Көршілер сотқа шағым түсірген. Олар қосалқы құрылыс нысаны заттары көп қабатты үйдің үстіне құлайтынына шағымданды. Үй иесіне қатысты атқарушылық іс қозғалғандығы туралы хабарлама 3 қыркүйекте жіберілген. Таяуда, 4 қазанда сот орындаушысы Әділ Ермеков екі полиция қызметкерімен бірге өз жұмысын орындау үшін оқиға орнына келді. Алайда айналасындағылар оған қысым жасай бастады. Алдымен олар сот орындаушысын қылқындырмақ болды, сосын бауыр тұсынан аямай екі рет соққы берді. Сот орындаушысы өзін ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау үшін арыз түсірді және оны ұрып-соғу кезінде көшеге жүгіріп шыққан учаскелік полиция қызметкері мен полицияға ұсынды. Полиция қызметкерлері ешқандай әрекет қолданбады, тіпті қылмыскерді ұстаудан мүлде бас тартты. Сот орындаушысының М.Н.Искаковты ұстау туралы арызы бойынша полиция қызметкерлері ешқандай амал қолданбады, делінген Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының хабарламасында.

Жеке сот орындаушысын ұрған адам мұнымен тоқтап қалмапты. Ол бокстан әлем чемпионы Жанқош Тұраровты шақырып алған. Ал ол өз кезегінде үйге келіп, полициядан арызды алуды талап етті. Егер талаптар орындалмаса, ол Әділ Ермековті ұрып-соғамын деп қорқытты.

Салдарынан сот орындаушысы өз жұмысын соңына жеткізе алмады.

Ал бұл істің мәжбүрлі түрде тоқтатылуы жақын маңда тұратын бірқатар адамдарға кері әсер ететініне баса назар аудару керек. Егер құлайын деп қақырап тұрған қосалқы нысан көршілердің үйін қирататын болса, онда бірқатар адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіруі ықтимал. Ондайда бұл жағдайда сот орындаушысы жауапты болады, - дейді Ермеков.

Алматы қаласының жеке сот орындаушылар палатасының мәліметінше, Әділ Ермеков дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Дәл қазіргі кезде ол жұмыста жоқ.

Алматы полициясы үйдің иесін Полиция департаментіне жеткізгенін айтты.

Сот орындаушысы үй иесіне қарсы арыз жазды, оның негізінде процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.