«Олар от!»: Ресейлік рэпердің қазақ қыздары туралы пікірі қызу талқылануда (видео)

«Олар от!»: Ресейлік рэпердің қазақ қыздары туралы пікірі қызу талқылануда (видео)

Танымал ресейлік рэп-орындаушы Алишер Моргенштерннің қазақтар туралы айтқан пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды «Қазақ үні» тілшісі. 

Бейне жазбада ресейлік әнші қазақтар туралы пікір айтқан. 

"Қазақ әйелдері от! Алғашқы қызым қазақ болған. (...) Қазақстанда өтетін концертім қандай болатынын қазір-ақ біліп жүрмін", - дейді әнші видеода. 

Желі қолданушыларының көбіне әншінің бұл сөзі ұнамаған, кейбірі оны танымағанын айтады, ал кейбірі оның пікірін "рэперлердің мақтауы" деп бағалаған. 

"Бұл кім? Сайқымазақтарды шақырмау керек", "Ресей секілді концертіне тыйым салу керек", "Тегін болса да бармаймыз", "Бұл оларға тән сөздер, керісінше, мақтау сөздерге ұқсайды", "Кешірім сұраған видеосын күтеміз", "Бұл кім тағы?", - деген пікірлер жазылған.