Қытай шекарашылары Қазақстанның шекарасын видеоға түсірді

Қытай шекарашылары Қазақстанның шекарасын видеоға түсірді, деп жазады «Жэньминь Жибао»-ға сілтеме жасап "Айқын".

Видеода олардың қытай-қазақ шекарасын қалай күзетіп жүргені көрсетілген.

Ауа температурасы -20 градус екені, қатты жел соғып тұрғаны, аумақты қар басып қалғаны айтылады. Соған қарамастан шекарашылар шекараның маңында жаяу, атты жетелеп келе жатқаны көрінеді.