Ақтаудағы атыс болып, бір адам қаза тапты (видео)
2020 ж. 11 қыркүйек
1852
0
Ақтаудағы 5-шағынауданда орналасқан №21 үйдің артында атыс болды. Оқиға кезінде оқ тиіп жараланған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz ресурсына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, атыс болып жатқаны туралы ақпарат полиция кезекші бөліміне кеше кешкі сағат 19:55 шамасында түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы келіп жетті. Жарақат алған азамат Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Алайда ол есін жимастан қайтыс болды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша изоляторға қамады.
«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр" деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, кеше кешкісін 5-шағынаудан тұрғындары әлеуметтік желіде аулада атыс болып жатқанын хабарлаған болатын.