Немістердің баю жолы

013Сонау сойқан соғыстан күл-талқаны шығып қирап қалған Германия неге тез арада байып кетті? Философ А. Айталы өзінің «Ұлттану» кітабында мынаны айтады: «Патриотизмнің іргетасын экономикалық көзқарастар құрайды», – дейді ол. Сөйтіп, неміс- герман патриотизмінің мынандай өсиеттерін келтіреді.  Бұл өсиеттен бізге де үлгі алуға, үйренуге болады, оқырман қауым.

 Тіпті ұсақ-түйек шығын шығарғанда да Отанның және ел азаматтарының мүдделерімен есептес.

…

 Шетелдің бір теңгеге тұратын тауарын сатып алғанда, өз еліңе бір теңге зиян келтіретініңді ұмытпа.

…

Сенің ақшаң тек неміс саудагерлері мен жұмысшыларына пайда әкелуі керек.

…

 Шетелден келген машина мен құрал-саймандарды қолданып, неміс жерін, неміс шаңырағын, неміс шеберханасын қорлама.

…

 Дастарқаныңа шетелдің етін, майын т.б. қойма, себебі ол неміс ет өндірісі мен отандық мал шаруашылығына зиян келтіреді.

…

 Әр уақытта неміс қағазына неміс сиясына малып, неміс қаламымен жаз да, неміс сорғышымен сорғыз.

…

 Неміс игілігіне тек немістің ұны, немістің жемісі, немістің еті жарайды.

…

 Тек неміс матасынан тігілген сырт киім мен неміс қолынан шыққан бас киімдерді ки…

Міне, неміс патриотизмінің ұраны осындай.

Дерек көзі: dalanews.kz