"Ер есімі қашан да есінде елдің"

Дүбірлетіп Ақбозбен көкпар шауып, Кеткеніңде Бекзат ұл, аттан салып, Тақым қысып Алты Алаш қалдық елде, Алтын серке ілер деп, - САТТАРХАНОВ.
Ер есімі қашан да есінде елдің, Судан таймас қай-қайсы шешінгеннің! Мыңнан тұлпар - келер деп - жүзден жүйрік, Құламасын тасы деп, еш іргеңнің. Тұлпарлығын тұлпардың әлем көрер, Сұңқарлығы сұңқардың дәлелденер, Додаға ұлы үкілеп қосқан сенен, Жетті «Әруақтап» - алтындай сәлемдемең. Тәуелсіздік алған кез оңып тұрмыс, Шоқырларға бола алдың - толықтырғыш. Тәуелсіз ел алтынын ең алғашқы, Сен әпердің қазақтан болып тұңғыш. Әруағыңды мазалап, жырдан дәйім, Сені еске алсам сағынып, тұрған жәйім. Су бетіне шықпайтын салмақты едің, Тұңғиыққа алтын боп тұнғандайын. Құндылығын жақсының кім ұғыпты, Сен кеткен соң дей салдық: жығылыпты. Жығылғаның жоқ сенің, тірісің сен, Түркістанның оғланы - жұдырықты. Дәурен АЙМАНБЕТОВ, qazaquni.kz