ММА-дан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының «алтынынан» үмітті

ММА-дан Қазақстан ұлттық құрамасы қараша айында Бахрейн корольдігінде өтетін Әлем чемпионатына дайындығына кіріспек. Қазақстан ММА қауымдастығының төрағасы Асылбек Дүйсеновтің айтуынша, команда алдында ММА бойынша әлем чемпионатында жалпыкомандалық бірінші орынды иелену мақсаты тұр. Қазіргі уақытта спортшылардың дайындығы үшін барлық жағдай жасалған. Оқу-жаттығу жиындарының орны мен уақыты да белгіленген. Оқу-жаттығу жиындарының бірінші дайындық кезеңі 25-қыркүйекте басталады деп жоспарлануда. Ұлттық құраманың сапынан және оған үміткерлердің арасынан шақырылған спортшылардың жарысқа қатысу шығындарын Қазақстан ММА федерациясы өз мойнына алады. Дайындық жиындарының нәтижесі бойынша бапкерлер құрамы Федерация басшылығының келісімімен Әлем чемпионатына аттанатын спортшылардың құрамын бекітетін болады. qazaquni.kz