2016 жылғы Олимпиаданың ресми тілі француз тілі болады

2016 жылғы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарының ресми қарым-қатынас тілі ретінде француз тілі бекітілді.

олимпиада Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайты – olympic.org-қа сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Сонымен қатар, Ойындардың ресми елшісі болып белгілі камерундық саксофоншы Ману Дибанго сайланды. Музыкант жас күнінде Францияда білім алып, Париж қаласының тұрғыны болған.
«Парижде болған лаңкестік оқиға әлемнің кез-келген жерінде болуы мүмкін. Әсіресе, Олимпиада кезінде сақтық шараларын күшейту қажет», – дейді Ману Дибанго.
Белгілі дерек көздеріне сүйенер болсақ, 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына 500 мыңнан астам саяхатшы келеді деп күтілуде. Қауіпсіздік шараларын 85 мың тәртіп сақшы қамтамасыз етеді. Бұл 2012 жылы Лондонда өткен дүбірлі дода кезіндегіден екі есе көп.
qazaquni.kz