Жақсылық Үшкемпіров туралы фильм түсірілді
2015 ж. 10 тамыз
4822
2
Петропавл қаласында күрестен тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров туралы «Жеңіске деген жігер» атты деректі-публицистік фильмнің көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды BNews.kz.
Көрсетілімге фильмнің режиссері, продюсері, актерлер, сонымен қатар спортшылар мен қала тұрғындары қатысты.
Картинада Жақсылық Үшкемпіровтың туған сәтінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі өмірі бейнеленген.
Фильмді түсіру барысында Қазақстан және Ресейдің мұрағаттарынан табылған деректер қолданылыпты.
Сонымен қатар фильмнің толыққанды болуына Жақсылық Үшкемпіровтың жаттықтырушылары Ром Ильматов, Владимир Угренинов және Вадим Псаревтер, сондай-ақ достары, отбасы және спорт және саяси қайраткерлер көмектескен.
«Осындай ұлы спортшыны мысал ретінде ала отырып, жас ұрпаққа үлгі еткіміз келеді. Алға мақсат қойып, оған ұмтылу керек. Оның өмірінде көптеген қиындықтар болды, ол спортпен тек 20 жасында ғана айналыса бастаған, соған қарамастан 29 жасында олимпиада чемпионы болды», – деді фильм режиссері Тоқтар Қарсақбаев.
Дереккөз: BNews. Бизнес сейчас