Бекзат Саттарханов туралы фильмнің алғашқы тизері шықты

Олимпиада чемпионы, боксшы, марқұм Бекзат Саттарханов туралы көркем фильмнің алғашқы тизері жарық көрді деп хабарлайды 24.kz.

Бекзат Саттарханов туралы фильмнің алғашқы тизері шықты

Қазақстандық режиссер Ермек Шахмет "Бекзат" биографиялық фильмін түсіруді қолға алған болатын. Фильмде бас кейіпкер рөлін Асылхан Төлепов сомдайды. Режиссер Ермек Шахмет әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жуық арада фильмнің тағы бір тизері және толыққанды ресми трейлері шығатынын хабарлады.

Фильмнің премьерасы биыл күзге жоспарланған болатын. "Бекзат" фильмінде Асылхан Төлеповтен бөлек, Аян Өтепберген, Саят Исембаев, Тұрсын Құралиев, Бақтияр Қожа тағы басқа әртістер ойнайды.

Источник: 24.kz