Сауд Арабиясының әр ойыншысына Аргентинаны жеңгені үшін 2,5 млн евродан сыйақы берілді

Сауд Арабиясының әр ойыншысына Аргентинаны жеңгені үшін 2,5 млн евродан сыйақы берілді

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Аргентинаны  жеңіп сенсация жасаған Сауд Арабиясының футболшыларына ірі көлемде сыйақы берілді, - деп хабарлайды Tengri Sport. 

Жеңіс құрметіне Сауд Арабиясында демалыс күні жарияланды. 

«С» тобындағы ашылу матчында Сауд Арабиясының құрамасы күтпеген жерден Оңтүстік Американың фавориттерін ұтып, кейін қомақты табысқа қол жеткізді. 

"Сауд Арабиясының әр ойыншысы Аргентинаны жеңгені үшін 2,5 миллион еуро сыйақы алған!", - деп жазды ақпарат агенттігі дереккөзіне сілтеме жасап. 

Атап өтейік, әлем чемпионатында Сауд Арабиясы С тобында көш бастап тұрса, осы төрттікте өнер көрсететін Польша мен Мексика тең түсті.