Қазақтың гимнасшы қызы Ислам ойындарында Алтын, Күміс, Қоланы қатар еншіледі

Қазақтың гимнасшы қызы Ислам ойындарында Алтын, Күміс, Қоланы қатар еншіледі

Қазақстандық гимнастшы Аида Бауыржанова Түркияда өткен Ислам ойындарында бірден алтын, күміс және қоланы жеңіп алды. 

Бұл туралы «Қазақ үні» хабарлайды. 

Жерлесіміз еркін жаттығуларда бірінші, бөренедегі сайыста екінші, ал, брусьядағы сайыста қола жүлдені қанжығалады. 

Ислам ынтымақтастығы ойындары – Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдердің үздік спортшылары қатысатын халықаралық спорттық шара. Биылғы жылы жарыс 9-18 тамыз аралығында Конья қаласында (Түркия) өтті. Ойындарға 56 елден 4200 спортшы қатысты. 

Жалпы есепте Түркия құрамасы жеңіске жетсе, Өзбекстан мен Иран екі және үшінші орындарға жайғасты. Қазақстан құрамасы 89 медальмен 5-ші қатарда. Оның 27-сі алтын, 23-і күміс, 39-ы қола.