Дархан - каратэден Қазақстанның тұңғыш Олимпиада жүлдегері!

Дархан - каратэден Қазақстанның тұңғыш Олимпиада жүлдегері!

Каратэден Токио Олимпиадасының қола жүлдесі құтты болсын! 

Токио Олимпиадасында каратэден алғашқы жүлдегер анықталды, деп хабарлайды «Қазақ үні» Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дархан Асаділов Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Ол жартылай финалда Франция өкілі Стивен де Костамен кездесіп, 5:2 есебімен есе жіберіп алды.

Дархан каратэ тарихында Қазақстанның тұңғыш Олимпиада жүлдегері болып отыр. 

Сондықтан да, лайықты шайқаса білген Дархан Асәділов бауырымыздың қоласы алтынға бергісіз.

Дархан бұған дейін Әлем чемпионатында екі мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді. Азия чемпионатында бірнеше рет жеңіске жеткен.

Дархан Асәділов 1987 жылы 8 тамызда дүниеге келген. Яғни, елімен бірге өзінің туған күніне де тарихи сыйлық жасады.