Шыңғыс ханның қабірін таптым деген журналист бұған дейінгі тарихи болжамдарды жоққа шығарды

жоңғар Штаттан тыс жұмыс істейтін журналист Робин Акройд сенсациялық мәлімдеме жасады. Ол әлемнің жартысын өзіне бас игізген моңғол қолбасшысы «Шыңғыс ханның нақты жерленген жерін таптым» деп отыр.

Акройд бұл туралы өзінің Genghis: Sacred Tomb, Secret Treasure (Шыңғыс: қасиетті қабір, құпия қазына – ауд. 24kz) кітабында жазды деп хабарлайды 24.kz.

Бұл кітапта келтірілген мәліметтерге сәйкес, Ұлы қолбасшының құпия жерленген жері – Моңғолияның солтүстік бөлігіндегі таудың шыңы. Бұл жерге оның немересі Қытайдағы Юань династиясының билеушісі болған Құбылай да жерленген болып шықты. Адамзат үшін аса маңызды ғылыми жаңалық жолында Акройдтың өзі 700 шақырым жерді атпен жүріп өтіп, Құпия жерленген қабір аймағына сапар шегіп, нағыз көшпендіге айнала жаздаған.

Оның айтуынша, 1227 жылғы тамызда Қытайдың солтүстік бөлігінде көз жұмса да, хан Шыңғыстың мәйіті Моңғолияға әкелініп жерленген.

«Бұрынғы кездері көз жұмған моңғол хандарын халқы көзі тірісіндегі барлық керек-жарағымен қосып, қастерлеп-қадірлеп жерлеген болса керек. Оның арасына, тіпті құнды заттарды салған болуы мүмкін», - дейді журналист.

Шыңғыс ханның қабірін Ұраңқай тайпасының сарбаздары күзетуге міндеттелген. Олар осы қызметі үшін барлық салықтар мен өзге әскери қызметтен толық босатылған. Осы арадан келіп, «Ұлы қолбасшының жерленген жерін көрген сарбаздардың басы шабылды» деген тарихи деректің жалған екендігі анықталды. Ежелгі моңғол тілінде жазылған мәтіндерді аударып шыққан Акройд, Шыңғыс ханның жерленген жері туралы тарихшылар осыған дейін айтқан деректердің шындыққа сай келмейтіндігін алға тартты.

Айта кету керек, оның бұл тұжырымын Моңғолия үкіметі қабылдап, қош көріпті.

Дереккөз: 24.kz