Расул ЖҰМАЛЫ: 100 пайыз ҚАЗАҚ отырған жерде шенеуніктер атасының басына орысша шүлдірлей ме?
2017 ж. 23 қыркүйек
10329
20
Заманында даңқты Есет батыр ұрпағына айтқаны бар: "Бұ жалғаннан өткенде мені мұсылманша басымды Құбылаға қаратып емес, Ресей жаққа аяғымды қаратып жерлеңдер. Өлсем де Ресейді аяғыммен тіреп жатамын". Неткен рух пен намыс!
Қазір сол Есет бабамыздың ауылы Ақтөбеде жүрміз. Қуантатыны - келген жобамыз "орыстілді ортаға Қазақ тілін дәріптеу" аясында болған кездесулер негізінен өз тілімізде өткені. Себеп - орташа залды толтыратын орыстілді аудитория қалмағаны. Оған қоса бүгін Ақтөбеде Қазақ тілі күні ерекше түрде аталып өтті.
Көзге түскені - орыстілді ата-аналар балаларын Қазақ мектептеріне жаппай беріп жатқаны. Сол бүлдіршіндердің Қазақша тақпақтары мен өлеңдерін естідік, шаттандық. Негізі, жақсы үрдіс. Түсініксізі - осындай қазақиланған ортада, ол Ақтөбе, Алматы, Астана не Қарағанды бола ма, Қазақ тілі неліктен толықтай билік құрмай отыр? 90-100 пайыз Қазақ отырған жерде талай шенділер атасының басына орысша шүлдірлей ме? Бұл тығырықтан шығудың ең оңтайлы жолы - қоғамның, яки сіз бен біздің талапшылдығымыз. Жүрген жерде әрбір Қазақ баласы, өзін патриот санаған азамат тілімізді сақтап қолдап жүрсек, тіл майданында жеңіске жетеміз. Заман, заң, тарих біздің жағымызда. Керегі Ұлы Бабаларымыз ұстанған рух пен намысты ояту. Онсыз өр көкіректі ел болмаймыз. Ортақ мүдде мен іс осы.
Расул Жұмалы, Фейсбук парақшасынан