Біздің атқамінерлер орекеңдердің мінезін қандарына әбден сіңірген - Олжас Әбіл
2026 ж. 11 маусым
133
0
Джакишев Жәкішевке айналмаған сияқты әлі, өз ділінен ажырап қалған адам?!.
Соңғы кезде біздің орыстілді қазақтардың әйкәпірлігі шошытып жүр.
Жанымызға бұндай тасбауырлық, безбүйректік жат еді, қанымызда бұндай жалмауыздық та жалмырттық жоқ еді... Әйтеуір арты қайырлы болсын.
Сіздер бекер Салтыков Щедрин деген орыс жазушы - философын оқымайсыздар.
Ол кісі сонау 19 ғасырда орыс атқамінерлерінің, шенеунігінің өз халқына деген безбүйректігін, бетпақтығын, тасжүректігін, қанаушы мінезін керемет суреттеп кеткен адам еді.
Сол кісі айтты деседі — "мені жүз жылдан соң оятып" Ресейде не болып жатыр? " деп сұрасаңыз, мен тап қазір ресей өзінен өзі ұрлап - қырлап, ішіп - тышып жатыр" деп жауап берер едім" депті. Сондай - ақ, бұл кісі басқа да орыс элитасының өз халқына деген безбүйректігін өз еңбектерінде мысқылдап отырып күшті көрсетеді.
Ол ол ма, бергі біздің Жүсіпбектің (Аймауыт) өзі өз жазбаларында "бізге орыстан үйренетін дәнеңе де жоқ, оның қара халық деп бас қатырған басшысы жоқ, ұрлықы ақшасын шашқан тәкаппар ұлық, оған господин деп бас шұлғыған қараша, мансапқорлық, дарақылық, міне одан осыны ғана үйренесіз" деп сонау 19 ғасырдың аяғында одан жиренген екен.
Алайда, біздің сорымызға орай бүгінде солардан ауызданған біздің орыстілді атқамінерлер, бай - бағландар орекеңнің шөпке тышарларынан дәл сол мінездерді үйреніп қандарына керемет сіңдіріп алды.
Әйтпесе баяғыда сақарада қанаушылық, жалмырттық, оның салдары — кедейшілік деген нәрсе жоқ еді.
Ұлы далаға алғаш келген еуропа жылнамашылары, " қазақтардың арасында кедейшілік, кедей қазақ деген адам атымен жоқ. Бұлардың жұтқа ұшыраған тайпаластарына өзгелері қатты көмектесіп, алдарына мал салып беріп отырады. Бұлар сөйтіп кедей руласын қамтамасыз етіп отырады, ағайынын бейшара қылу бұлардың қандарында жоқ, ол сүйекке таңба" деп жазады. Бұндай тарихи жазбалар жалпы көп.
Баяғыда шаруасы төмендеу қазақ, дәулетті ағайынының малына өз азын - аулағын қосып оның малын, яғни өз руының малын бағатын. Соны большевиктердің пропагандистері "сен — жалшысың, анау Сәрсенбай — бай, үстем тап, сені қанаушы" деп үйретті, оны олардың пропагандист жазушылары солай том том кітап жазып бізге, халыққа сіңдірді.
Біздің бүгінгі бай - кедей туралы түсінігіміз әлі сол идеологияның әсерімен қалыптасқан түсінік.
Баяғының қазағының жоғарыда айтқан дарқан мінезін бүгінде қазақтілді бұқараның қылығынан байқауға болады. Тасқын, көшкін, ковид немесе басқалай ел басына күн туғанда, тез жұмылып кетіп жылу жинап ебіл - дебіл өзгеге жәрдемге ұмытылады байғұс. Өзі жарымай отырса да қолындағысын береді.
Міне, нағыз қазақы қылық, қазақи мінез, бабалардан қанмен қалған өз ынтымағы, дарқандығы..
Бізге осы негізімізді сақтап қалу керек.
Ал ана әйкәпірлер қалмақ шалды қоршап алып біраз уақыт өз халқын аяусыз тонады, тырс етпеді, бұқарасынан жиіркенді. Бір сөзбен айтсақ, Салтыков Щедриннің айтқанының бәрін қайталап шықты. Өз басына күн туғанда кәдуілгі ұрылар сияқты тасаға тығылды, бұқты.
Сіздер бұл жерде дау айтуыңыз мүмкін, "жоға олай емес Баянның байы беріп жатыр, бөліп жатыр" деп.
Ол кісілердің арасында қандай әңгіме болатынын кім білген, бір - біріне "айтқанымды істей бер, түбі ел тізгінін ұстатамын" деп оңашада сыбырлай ма, әйтеуір өз басым ондай жомарттыққа қазір сылқ етпейтін болдым.
Әңгіме бұл жерде, негізі ол екеуі туралы емес еді...
Дүниеқоңыздық пен безбүйректік туралы - тын.
Енді міне бүгін қарап отырсам ділі бұқарадан бөтенсіп кеткен спортшылары да құнығып оларға бізбен бөліс, әйтпесе Ресейге кетем дегені ме, қалай... біздегі Салтыков Щедрин элитасының апама жездем сай спортшылары.
Джакишев туралы айтпай - ақ қояйын. Ол кісі әлі Жәкішевке айналмаған сияқты, өз ділінен ажырап қалған адам бұл өмірде олай болмай кетуі де мүмкін.
Ол кісіден бұқара қазақшылықты сұраса, оның "мені соттаған қазақтар болатын" дегендігі, оның тым таяздығын көрсеткендей болды. Қарап тұрсаңыз ел ағасы жасындағы адам... Салиқалы ой айтар, сөз айтар ауыз...
Өзінің әйкәпірлігімен жеңгендей болды, космополиті оны жақсы түсінгендей болды, иығынан қақты, қолдады, қара қазақ пұшайман болды.
Соңғы кезде бұлардың осы әйкәпір мінезі , бөтен ділі, өгейлігі асыр салып көзге ұрып тұр әйтеуір.
Олжас Әбіл,
Фейсбук парақшасынан