«Алдымен қарапайым тазалықшы мен еден жуушылардың жалақысын көтеру керек»
2022 ж. 26 желтоқсан
35409
57
Әлеуметтік үйлердегі қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсететін Әлеуметтік қызметкерлер емес, сол жердегі бар қызметтің түр түрін атқаратын қарапайым күтушілер мен еден жуушылар яғни санитаркалар мен нянкалар! Әлеуметтік қызметкерлер тек қана қағаз яғни құжаттармен ғана айналысады! Әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жалақы көтеруде жаңылыс шешім қабылдап жатыр деп ойлаймын! Әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың атқарып жатқан еңбегі шамалы! Ең бастысы еңбек санитаркалар мен нянкалардікі! Әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар сегіз сағат уақытын өткізіп жылы кабинетте компьютердің алдында отырып қағаз толтырғаны болмаса мүгедектер мен қарттарға көрсетіп жатқан қызметі жоқ! Тек зейнетақыларын әкеліп бергені болмаса! Әлеуметтік үйлердегі еңбек етіп жүргендерді министр Тамара Дүйсенова бағалай білсе әуелі еңбек етіп жүрген санитаркалар мен нянкалардың жалақысын көтергені дұрыс еді! Сондай ақ Әлеуметтік үйлердегі медицина қызметкерлерінің де жағдайын ескермеген! Керекті қызметкерлердің жалақысын көтеруді шет қалдырғаны өкінішті Тамара Қасымқызының!
Мәмбет Құрманбаев,
Фейсбук парақшасынан