Өз басының рақаты үшін өмір сүретін қыздар саны күрт өсуде - Сая Қасымбек
2020 ж. 24 маусым
1489
0
Соңғы уақытқа дейін өзге ұлттан әйел алған ұлт марқасқаларын іштей жақтырмайтынмын. Тіптен, әліме қарамай іштей соттайтынмын. Қақым бар ма, жоқ па, қарамаймын өзімше.
Соңғы кездегі қазақ әйелдерінің "кереметтерін" көріп-біліп жүріп, ол ойымнан айныдым. Адам аласы әр ұлтта жеткілікті. Егер, М.Шоқайдың әйелі қазақ болғанда, жат елде көрген сонша ауыртпашылыққа шыдар ма еді? Әрине, қазақ қызы көтермейтін жүк жоқ. Беті аулақ, АЛЖИР-де азаматынан бас тартпағаны үшін қаншама апаларымыз қасірет кешті. Онысы үшін өкінбеді. Бауырындағы баласынан бейхабар, күйеуі атылған қазақ әйелдерінің жанкештілігін айтам...Солай болуы керектігін жүрегімен қабылдады ә?..
"Бірақ, сол Шоқай атамызға осалы кез боп қалса ше? Турасында, адал әйел ұлтқа бөлінбейді-ау, жақсы мен жаман баршаға ортақ қасиет қой?.." деп, осы күні ойланамын ғой.
Бүгінде үй болғысы келетін қазақ қыздары кеміп, өз басының рақаты үшін өмір сүргісі келетіндер саны күрт өсіп бара жатқаны ащы шындық. Ата-ене, күйеулі болуды басына жүк санап, "бағымсыз бостандықта" болғысы келеді.
Шетелден келді дерміз. Бірақ, осы шетелдің жағымсыз жағы неге бізде тез қабылданып, тамырлап кетеді ә? Дәстүріміз тойдың алдындағы дайындық пен салтанат тез өтіп кететін кезең деңгейінде қалып қойды. Тойдан соң, еуропа стиліне көшіп кетеміз. Ешкімді кінәлай алмайсың. Ақиқаты осы боп қалды.
Сая Қасымбек,
Фейсбук парақшасынан