Індеттің Шымкентте пайда болуы өте қауіпті - Олжас Әбіл
2020 ж. 26 наурыз
4280
0
Өткенде автобуспен Шымкентке барып короновируспен ауыратындығы анықталып жатқан жігіт жол бойы оны автобуста қанша адамға жұқтырғаны белгісіз. Жол бойы автобус тамақтанатын кафе шәйханасы бар...Вокзалы бар...Ол жігіт міңген қала автобусы немесе такси.. Оларға ше?.
Мен басқаның жөні басқамен, осы Шымкент таза болсыншы деп үміттенген едім. Түркістан аумағы - Қазақстандағы халқы көп және халқы ең тығыз орналасқан аймақ. Ондай жерлерде індеттің пайда болуы өте қауіпті. Сондықтан Шымқала тұрғындары, енді үйден шықпаңыздар, той - думан болып жатса дереу доғарыңыздар, құдай үшін.
Жалпы, біз өткен аптада сырттан, шетелден жұқтырып келіп жатқан науқастарды бақылап отырсақ, Енді байқап отырғанымыздай бізде індеттің екінші этапы басталыпты. Ол - Қазақстан қалалары бірін - бірі жұқтыруға көшкен екен. Вирус қазір Қазақстанға орнығып жатыр. Алдымызда вирус таралымының үшінші этапы тұр. Ол - жаппай таралу. Біз соған келе жатырмыз. Қазағым сақтаналық, үйден шықпаңыздар, әзірше қолдан келгенді істелік - үйде отыру, бетперде кию, қолды жиі жуу.
Қалайда вирусқа шалдықпауға тырысыңыздар, "одан сауығуға болады", "ол кәрі құртаңдардың ауруы" деп бейқамдыққа салынбаңыздар.
Сіз одан жазылып шықсаңыз да өкпеңіз баяғыдай болмайды. Мәңгілік өкпе дертіне ұшырап қалуыңыз да мүмкін. Жәй пневмония, бронхтың өзі адам өкпесін қатты лайлап кетеді, ал белгісіз вирустың өкпені не қыларын кім білген.
Сақтанайық қазағым, аман болайық!
Олжас Әбіл, Фейсбук парақшасынан