Дархан Кәлетаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды
2018 ж. 04 сәуір
3218
9
Елбасының Жарлығымен Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын",- делінген Қазақстан Президенті Жарлығында.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының екінші Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Аманұлы Кәлетаевтың өкілеттігі тоқтатылды.
Дархан Калетаев 1972 жылғы 10 қазанда туған, қазақ, білімі жоғары. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебін бітірген.
Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқарудың менеджері. Саясаттану ғылымдарының докторы. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған.
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры болып қызметтерін атқарған. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалған болатын.