Ердоған Ораза айт намазы кезінде есінен танып құлады - БАҚ
2017 ж. 25 маусым
3901
4
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған намаз үстінде есінен танып құлады, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Аташехир қаласындағы Мимара Синан мешітінде мұсылмандардың Ораза айт мерекесіне орай оқылатын намаз кезінде болған.
Журналистердің айтуынша, Ердоғанды мешітке жиналған адамдар ұстап қалған.
Телеарна мәліметінше, түркиялық көшбасшының қант деңгейі күрт көтеріліп, ол есінен танып қалған. Дәрігерлер оған оқиға орнында қажетті көмек көрсеткен, содан кейін ғана Ердоған есін жиған.