Экс-премьер Серік Ахметов үкіметке 150 миллион теңге қайтарудан бас тартып отыр

Мемлекеттің ақшасын талан-таражға салғаны үшін сегіз жылға сотталған экс-премьер Серік Ахметов үкіметке 150 миллион теңге қайтарудан бас тартып отыр деп хабарлайды 31 арна.

Экс-премьер Серік Ахметов ісіне қатысты бес сотталушыдан материалдық шығын өтеуді талап еткен Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровтің арызын сот алқасы жартылай ғана қанағаттандырыпты.

Серік Ахметов пен Бауыржан Әбдішев бастаған экс-шенеуніктер үкімет қазынасына 148 миллионнан астам ақша қайтаруы тиіс болған.

Дегенмен сотталғандардың өзі шешіммен келіспей, аппелляциялық шағым түсірді. Енді үш бірдей арыз Қарағанды облыстық сотында қаралмақ.