Сағынтаев рейтинг қуалаған СҚО әкімін сынға алды

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановты рейтинг қуалаудың орнына, жүйелі жұмыс атқаруға шақырды. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Жаңа премьер рейтинг қуалаған СҚО әкімін сынның астына алды"Ерік Хамзаұлы, дауласқаныңызды немесе саудаласқаныңызды қаламаймын. Жүйелi жұмыс жүргiзу керек. Екiншiден, орта республикалық деңгеймен салыстыру дұрыс емес. Өз облысыңызға жауап беріңіз. Республикалық деңгеймен салыстырудың қажетi жоқ", - деді Сағынтаев үкімет отырысында.

"Сіздерде қанттың, тұздың, қарақұмықтың, ет пен пияздың бағасы өсіп жатқаны байқалады. Аграрлық аймақ болса да, нанның бағасы ең қымбат болып тұрғаны қалай", - деп сынады премьер.