Дауыс беру белсенділігі бойынша Алматы облысы көш бастап тұр

a45192c7136d2f8f052deeed33d9fd9eҚазақстан азаматтарының 75,16 пайызы дауыс берді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлім етті.

«Облыстардың,  Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағат 18-00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 75,16 пайызы сайлау бюллетендерін алды. Бұл біздің елде бұрын болған парламенттік сайлаулар үшін рекордтық келу екенін атап өту қажет. Бұл ретте дауыс беру әлі де жалғасуда», - деді ол.

М.Сәрсембаевтың деректеріне сәйкес, оның ішінде Алматы облысы бойынша - 92,67, Ақмола облысы бойынша - 78,68, Ақтөбе облысы бойынша - 78,28, Атырау облысы бойынша - 82,91, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 70,03, Жамбыл облысы бойынша - 79,97, Қарағанды  облысы бойынша - 76,74, Қостанай облысы бойынша - 82,57, Қызылорда облысы бойынша - 79,84, Маңғыстау облысы бойынша -73,12, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша - 83,4, Павлодар облысы бойынша - 70,55, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 80,09,  Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 80,52, Астана қаласы бойынша - 73,78, ал Алматы қаласы бойынша 32,23  пайызы дауыс берген.

Дерек көзі: ҚазАқпарат