Бейбіт Атамқұлов Малайзия премьерімен құда болып шықты

Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі Бейбіт Атамқұлов малайзиялықтармен құда болып шықты.

Бейбіт Атамқұловтың ұлы Диас пен келіні Алия Генеид. Фото: rgmedia.kz

Бейбіт Атамқұловтың ұлы Диас пен келіні Алия Генеид. Фото: rgmedia.kz

Бұл туралы rgmedia.kz хабарлайды деп жазады NUR.KZ.

Басылым оңтүстік өңірге әкім болып келген Бейбіт Атамқұлов туралы қызықты мәліметтерді жария етті.

Атап айтар болсақ, кезінде «Қазақстан темір жолы» компаниясын басқарған Ерлан Атамқұлов пен Бейбіт Атамқұловтың бір-біріне немере ағайын екені анықталды.

Одан бөлек, жаңа әкім 1996 жылы «Рахат металс» компаниясының бас директоры, 2002 жылдан бастап «Рахат» компаниясында директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

Бәрінен бұрын Атамқұловтардың құдалықтан жолы болғаны көрініп тұр.

Бағила және Бейбіт Атамқұловтар малайзиялық құдаларымен бірге. Фото: rgmedia.kz

Бағила және Бейбіт Атамқұловтар малайзиялық құдаларымен бірге. Фото: rgmedia.kz

Басылымның жазуынша, ОҚО әкімінің немере ағасы Ерлан Атамқұлов Иманғали Тасмағамбетовтың әпкесі Нұрсұлу Тасмағамбетовамен туған құда екен.

Қазақы тілмен айтқанда Бейбіт Атамқұловтың келіні Малайзия премьер-министрінің жиені болып келеді.

Ал Бейбіт Атамқұлов басқа емес, Малайзия премьер-министрінің қызын өзіне келін еткен.

«Бейбіт Атамқұловтың келіні Малайзия премьер-министрінің қызы дегенді біздің де құлағымыз шалған. Биыл Болат Назарбаевтың өгей баласы Данияр Кесікбаев Малайзия премьер-министрінің қызымен жұп жарастырып, отыз күн ойын, қырық күн тойын өткізгенін білеміз. Қазақтың жігіттеріне шетінен үлестіре беретін Малайзия премьер-министрінің қыздары көп пе? Осы ақпараттың анық-қанығын анықтау кезінде білгеніміз – Малайзияда премьер-министр көп болып шықты. Онда әр өңірдің премьері болатын көрінеді. Бейбіт Атамқұловтың ұлы Дияс 2013 жылы Малайзияның Саравак деп аталатын әкімшілік аймағының премьер министрі Тайып Махмудттың қарындасының қызына үйленген екен. Қазақы тілмен айтқанда Бейбіт Атамқұловтың келіні Малайзия премьер-министрінің жиені болып келеді. Құдай қосқан құдасы су жаңа әкімге облысты Малайзия сияқты қалай өркендетуге болатыны жайлы да бір кеңес беріп қалатын шығар», – деп жазады басылым.

Еске сала кетейік, президент Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі қызметіне Бейбіт Атамқұловты тағайындаған болатын.

Дереккөз: NUR.KZ