Президент вице-президент кім болатындығы туралы сұраққа жауап берді

Президент вице-президент кім болатындығы туралы сұраққа жауап берді

Келесі аптада немесе 10 күн ішінде елімізде Вице-президент тағайындалады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында отандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлім етті.

– Жұрттың бәрі Вице-Президент лауазымы туралы сұрап жатыр. Расында, бұл – айтулы өзгеріс. Біз Конституциямызға жаңа лауазымды әдейі енгіздік. Бұл лауазым аса қажет деп айтсақ, қателеспейміз. Себебі қазіргі бұлыңғыр заманда мұндай лауазым елімізге өте қажет. Келесі аптада немесе он күн ішінде Вице-президент кім екені мәлім болады. Мен оны қазір анық айта алмаймын. Ол белгілі, сіздер жақсы білетін адам болады деп ойлаймын, – деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев тілшілер сұрағына.

Айта кетейік, Вице-президентті Құрылтайдың келісімімен президент тағайындайды.