Ресей территориялық тұрғыда талап қояды деген алаңдаушылығымыз жоқ – Қасым-Жомарт Тоқаев
2023 ж. 29 қыркүйек
1597
1
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей тарапынан аумақтық талап бойынша еш қауіп жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барды.
Федералдық канцлер Олаф Шольцпен келіссөздерден кейін тілшілерге берген баспасөз мәслихатында Президент Қазақстанның Ресеймен екіжақты тарапта және тиісті интеграциялық бірлестіктер шеңберінде тұрақты достық қарым-қатынаста екенін айтты.
«Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараға келсек, ол өз уақытында делимитацияланған және айтарлықтай дәрежеде демаркацияланған, екі елдің парламенттері бекіткен және ратификациялаған. Сондықтан бізде Ресей территориялық тұрғыда талап қояды деген еш алаңдаушылық жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.