Әкімдер сайлауында қандай заң бұзушылықтар болды
2021 ж. 27 шілде
2683
0
Өз отбасы мүшесіне дауыс бермек болды. Кеше ғана өткен ауыл әкімі сайлауында бірқатар заң бұзушылықтар тіркелгені белгілі болды. Партиялық емес байқау орталығының мәліметінше, кейбір пысықайлар құжатсыз келсе, өзгесі дауыс беру кабинасына екі адам болып кіруге әрекеттенген. Сондай-ақ өз туысқанына дауыс беруге асыққандар да бар.
Ал сарапшылар сайлауға оң баға беріп отыр. Ауыл тұрғындары үшін аса маңызды сайлау жайлы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.
730 елді мекенде өткен ауыл әкімі сайлауы өз мәресіне жетті. Тіркеуден өткен 2 297 кандидат бақ сынады. Енді алдағы күнде жеңіске жеткен кандидаттар белгілі болады.
Ал сайлау барысында 1 419 адам өзін-өзі ұсынса, 878 кандидат саяси партиялардан қатысқан. Халықтың дауысы арқылы әкім болудан үмітті 2 297 азаматтың 1 839-ы ер адам, 458-і әйел. Әрбір кандидатқа республикалық бюджеттен үгіт-насихат жұмысына 220 000 теңге бөлінген болатын.
Cайлауды партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділовтың айтуынша, кешегі өткен саяси додада Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облысының ауыл тұрғындары белсенділік танытқан.
Төлеген Күнәділов, "Партиялық емес байқау орталығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Барлық өңірлерде де халықтың сайлау белсенділігін атап өткен жөн. Біздің мәлімет бойынша Шығыс пен Жамбылда өте үлкен көрсеткіш 90 пайызға жуық ауыл тұрғындарын сайлау учаскесінде дауыс беріп кетті. Ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау мен Батыста. Маңғыстауда 14-ақ учаске болды.
Жалпы Қазақстан бойынша 6 322 ауыл бар, онда 7 миллионнан аса адам тұрады. Жергілікті сайлау комиссиялары жасақтаған дерекке сәйкес, өңірдегі әкімі сайланатын ауыл, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала мен кент тұрғындарының 90 пайызы өз таңдауын жасаған.
Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:
Ең төменгі деген көрсеткіштің өзі 73,5 пайыз. Ақмола облысында тіркелгенмен ол өте үлкен пайыздық көрсеткіш. Ол 40-50 пайыз емес, халықтың басым бөлігі қатысты. Кешегі партиядан тыс бақылау орталығы жіберді, сайлау бірқалыпты ұйымдастырған деңгейде өтті. Ауыл тұрғындары азаматтық ұстанымы жақсы болды.
Жалпы 1845 сайлау учаскелерінде Партиялық емес байқау орталығының 2000-ға жуық байқаушылары сайлауды бас-аяғы бақылапты. Жалпы еліміз бойынша 12 заңбұзушылық тіркелген. Олардың ішінде санитарлық талаптардың орындалмау, арақашықтық сақталмау, бюлетень толтыру кабинкаларына екі адамның кіріп кетуі және де өз отбасы мүшесіне дауыс беру әрекеттері тіркелген. Десе де олар сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығына әсер етпеді, дейді мамандар.