ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкім шықты

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкім шықты

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент Палаталарының Бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды parlam.kz. 

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2021 жылғы 21 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын» - деп жазылған Өкім мәтінінде.