Ұлт ақыны Мұхтар ШАХАНОВТЫ құрылтайдан шектеу - ШЫНДЫҚТЫ ЖАСЫРУ

Похожее изображение

Бүгін Астанада өтіп жатқан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Құрылтайы дау-дамайдан басталды. Бұған дейін хабарлағанымыздай "Басымды қатырмашы" деп оралмандардың мәселесіне немкетті қараған Мамашевтар ұлт ақыны Мұхтар ШАХАНОВты құрылтайға қатысушылар тізімінен сызып тастаған.

Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.

«Ал, халқым! Құлап қалма! Құрылтайға делегат Мұхтар Шахановты «жоғарғы жақтан нұсқау келді» деп, поезға билет алып қойған жерден қалдырып кетті. «Жоғарғы жақ» кім? Елбасы «Мұхтар Шахановты Құрылтайға шақырма» деп айтпағаны анық! Сонда кім? Осы хабарды Елбасына кім жеткізер екен? Басы қатып кеткендер баратын жерге Халық ақыны, Әлем ақыны неге бармайды?Абайды ұрып, Біржанды қазыққа арқанмен байлар заман қайтып келді ме? Кім Елбасын құбыжық етіп көрсеткісі келіп отырған?» – деп жазды Жарқын Өтешова өзінің фейсбуктегі ресми парақшасында.

Ия, әуел баста тізімге қосып, ақсақал жасына келген абыз ақын поезға шығар кезде ғана өзінің тізімнен алынып тасталғанын білген. "Қаласам шақырам, қаламасам жолатпаймын" деп енді қалғаны ұлттың қаймағы, зиялы қауым өкілдеріне қысым көрсету ме еді? Бүйткен Құрылтайдың өтпегені жақсы емес пе?

«Мынау қатыссын, мынау келмесін» деп шекірейіп отырып сызып тастайтындай бұл қай аталарынан қалған Құрылтай еді? Қазақты іштен жарып, жанжал шығарып, қара қазақтың қамына басын қатырмайтындардың жауап беретін кезі келді.

МАМАШЕВтің мәселесі ең ЖОҒАРЫ деңгейде қаралу керек!!!

Қазақта "Бір ауыз сөз бір қарын майды шірітеді" деген қанатты сөз бар. Қаймағы бұзылмаған қазақтың сеніміне селкеу түсіріп, намысын таптап, қайғысына бас қатырмайтындар қызметтен кетсін!

Алтай Сағидолда, qazaquni.kz