Жарайсың, ДИМАШ! Димаш Құдайберген Singer-2017 байқауында екінші орын алды (фото, видео)
2017 ж. 15 сәуір
3892
4
Қытайдың Чанша қаласында көптен күткен Singer-2017 байқауы мәресіне жетті. Өкінішке орай Димаш Құдайберген Гонконг әншісі Sandy Lam-ға жол берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Байқаудың финалында қазақстандық әнші қытайлық танымал әнші Шан Вэньцземен қосылып, Майкла Джексонның - Earth Song и Dangerous әнін орындаған.
Осы байқаудағы Димаштың басты қарсыласы - гонконгтық Sandy Lam болды.
Финалдың алдындағы рейтингте Sandy Димаштан небәрі 0,15 баллға озып тұрған.
Еске сала кетейік, Димаштың даңқын асқақтатқан Қытайдағы Singer-2017 байқауы 21 қаңтар күні басталған. 14 кезеңнен тұратын байқауда қазақ баласы үнемі үздіктердің қатарынан көрініп, өзінің талантты екенін дәлелдеді.