Назарбаев Шыңғыс ханды қазақ деп жүргендерді сынға алды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясында өткен жиында қазақстандықтарды өткенді еске алмай, болашаққа қарай бет алуға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Назарбаев Шыңғыс ханды қазақ деп жүргендерді сынға алды"Біз, "Мәңгілік ел" болуды мақсат еткен халықпыз.  Біз артқа қарайламай, жарқын болашаққа қарай қадам жасауымыз қажет. Кей адамдар тарихты еске алып, Томирис пен Шыңғыс хан қазақ болған дейді. Басқа айтатын ешнәрсе жоқ па?

Елдің болашағын жасап, келер ұрпаққа дұрыс тәрбие беру қажет. Ал біз ұдайы артқа қарайлаймыз. Алға қарайтын уақыт жетті", - деп мәлімдеді Назарбаев.

Сонымен бірге, Назарбаев Тони Блэрдің мына сөзінен де мысал келтіре кетті: "Ұлыбритания ұлы тарихқа ие. Бірақ біз мұражайда өмір сүре алмаймыз. Сондықтан компьютерге отыру керек".

Президенттің айтуынша, болашақ ұрпақтың қамын ойлау керек. Келер ұрпақ жоғары интеллектуалды, мәдени және рухани бай болып қалыптасуына атсалысу қажет.