Леонардо Ди Каприо Қазақстанға келеді

Картинки по запросу леонардо ди каприо

Жолбарыстардың басты қорғаушысы, Голливуд жұлдызы Леонардо ди Каприо Қазақстан үкіметі мен Жабайы табиғат әлемдік қоры арасындағы келісімге қол қою үшін Астанаға келуді жоспаралап отыр деп хабарлады  G-Global "Жасыл экономика" және даму коалициясы басқармасының төрайымы Салтанат Рахимбекова.

Әлемдік жабайы табиғат қоры Іле-Балқаш өңіріндегі экожүйе мен жолбарыстар популяциясын қалпына келтіру бойынша ірі көлемді жобаның бірінші кезеңінде Қазақстанға 10 миллион еуро бөлмекші. Келісімге 2017 жылы 8-9 қыркүйекте қол қойылады. "Жабайы табиғат қорының делегациясын Нидерланды принцессасы Лауренти бастайды, ол Нидерланды климатының өзгеруі бойынша Қордың төрайымы болып табылады. Сонымен бірге, БҰҰ-ның климат өзгерісі бойынша елшісі және WWF жолбарыс бағдарламасының елшісі Леонардо Ди Каприо келеді", — деді Рахимбекова брифингте.

Дереккөз: Караван