Қарызға батқан Түнтеков сахнаға оралды

tuntekov_koncertӘнші өнер жолында жүрген 9 жылдан бергі уақыттағы жеке концертін алыдмен туған қаласында өткізуді ұйғарыпты.

"Бұл — жерлестеріме деген құрметім" дейді Қайраттың өзі. Бұл концертте Қайрат өз талантын құрметтеушілердің сүйікті әніне айналған туындыларды шырқады. Оның арасында шет тілде айтылған өлеңдер саны аз емес. Қайрат концертін жалғыз өткізген жоқ. Өнердегі әріптестерін қолдап-қуаттау үшін Шымкентке Қазақстанда танымал әншілер мен өнер адамдары келді. Олардың арасында Айқын Төлепберген, Әли Оқапов сынды әншілер мен Айбек Байназаров, Әлжан Нұрлыбек, Нүркен Иманқұлов секілді шоумендер бар. Концертке халық аз жиналған жоқ. Бос орын табу оңай болмады. Соңғы кездері аты жағымсыз жаңалықтарға ілініп жүрген жерлесін сағынған шымкенттіктер Қайрат сахнаға шыққанда ду қол шапалақпен қарсы алды. Қайрат Түнтеков концерттен жиналған қаржы толығымен жол апатына ұшыраған қызға төленетінін айтады. Еске сала кетсек, 2012 жылдың 28-желтоқсаны күні әнші жігіт жол апатына ұшырап, басқарып келе жатқан көлігімен Назира Есенамановаға тиесілі Toyota Land Cruiser 100 көлігіне соғысқан еді.

nur.kz