«Қазақ үні» – түркі мемлекеттері арасында ең көп оқылатын басылым

«Қазақ үні» – түркі мемлекеттері арасында ең көп оқылатын басылым

"Қазақ үні" газетінің 25 жылдық мерейтойына орай шетел қаламгерлерінің құттықтаулары

300

«ҚАЗАҚ ҮНІІН» ҚЫРҒЫЗДАР ДА СҮЙІП ОҚИДЫ

«Казак үнү» гезитин, анын негиздөөчүсү Казыбек Иса досумду гезиттин 25 жылдык мааракелик салтанаты менен чын ыкласымдан куттуктайм. 

Элдин көйгөйүн чагылдырган бул басылманын баскан жолу байсалдуу болсун, «Казак үнү» бир эле Казакстанда эмес, Кыргызстанда да эң окумдуу гезит, болбоду дегенде гезиттин сайтындагы макалаларды сүйүп окуйбуз жана анын авторлоруна суктанабыз, баа беребиз! Бир тууган эки элдин эртеңки жаркын келечеги үчүн астейдил аракет жасай бере турганыңыздарга терең ишенем! Бар бололу, бир бололу!

Урматым менен, Марк-Абай Ааматов, 

Кыргыз Республикасынын Эл акыны 

300

РУХАНИ БАЙЛЫҚҚА ТОЛЫ ГАЗЕТ

Құрметті Қазыбек Иса!

Сізді бауырлас Қазақстанның көркем-әдеби және белгілі қоғам қайраткері ретінде танимыз. Өзіңіз құрылтайшылық ететін «Қазақ үні» газетінің 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Сізге және газеттің барша қызметкерлеріне шалқар шабыт және сәттілік тілеймін!

«Қазақ үні» газеті мен газетінің qazaquni.kz интернет сайты қазақ тілінің, қазақ мәдени мұрасының сонымен қатар, барша түркітілдес мемлекеттер мен ұлттардың мүдделерін және ортақ құндылықтарын қорғау жолында, ұтымды ұсыныстарын ортаға қойған өткені рухани байлыққа толы басылым.

«Қазақ үні» газеті мен сайты Әзірбайжанның үнін қазақ қоғамына жеткізу мінберіне айналды. Сіз көркем өнердің кереметін және журналистиканың адалдық қағидасын бір арнаға келтірген қазақ зиялысының бірісіз.

Сізді құттықтаймын, сәттілік тілеймін!

Бауырлас Қазақстанның мемлекеттің туы мен Сіздің жазу байрағыңыз биіктерден желбіресін!

Сәлеммен-құрметпен, Әкбәр ҚОШАЛЫ,

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

№32 (902) 31.08.2020

«Қазақ үні» – түркі мемлекеттері арасында ең көп оқылатын басылым

«Қазақ үні» газетінің құрылтайшысы,

 ақын-публицист, Халықаралық «Алаш» және Сергей Есенин атындағы сыйлықтардың лауреаты құрметті Қазыбек Иса!

Сізді бауырлас Қазақстанның зиялы қауым өкілі, құдіретті қалам иесі ретінде өзіңіз негізін қалаған «Қазақ үні» газетінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймын және шығармашылық шабыт тілеймін!

Сіздің газетіңіз және сайтыңыз тек қана Қазақстанда ғана емес, мұнда біздің – Әзербайжанда сонымен қатар, түркі мемлекеттері мен туысқан халықтар арасында көп оқылатын сүйікті басылым. Газетініңіз бен сайтыңыз – түркі әлемінің интеграциясы, қоғамдық пікірлердің дұрыс қалыптасуы үшін ерекше қызмет көрсетіп отыр.

Сіздің қазақ халқының құндылықтарымен ұлттық мүдделерін қорғауда атқарып жүрген қайраткерлігіңіз құрметке лайық. Туысқан қазақ халқының рухани құндылықтарын, ұлттық қасиеттерін, оның ішінде қазақ тілін қорғау жолындағы қайраткерлігіңізге мұқалмас мықтылық тілеймін.

Тағы да құттықтаймын, сәттілік серігіңіз болсын!

Құрметпен, Ганире Пашаева,

Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік қайраткері

№32 (902) 31.08.2020