Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай шығармашылық байқау өтті

Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай шығармашылық байқау өтті

2022 жылдың 23 қараша күні Алматы Менеджмент Университеттінде ұлы ақын, педагог, қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Мағжан әлемі» атты шығармашылық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыру, студенттер арасында қазақ поэзиясын насихаттау және дәріптеу, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. 

Шығармашылық байқауға Алматы қаласының тоғыз жоғары оқу орнынан 9 команда қатысты. Келесі университеттердің командалары: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Алматы менеджмент университеті, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Сулейман Демирель атындағы университет, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

Байқау 4 номинация бойынша өткізілді: Команда таныстырылымы, «Мағжан және поэзия», «Біз және Мағжан», «Мағжан және сахна». 

Байқауды Алматы Менеджмент Университеттінің ғылым жөнінде проректоры Б.К. Саркеев ашты. Ол ақынның шығармашылық мұрасының аса зор маңызы бар екенін айтып, байқауға қатысатын командаларға сәттілік тіледі. 

Байқау алдында профессор Гүлжаһан Орда Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, поэзиясы, Алаш қозғалысының қайраткері жайында сөз сөйледі,

Байқаудың әділқазылар алқасы құрамына М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлжаһан Жұмабердіқызы, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының режиссері Жұманбай Жұлдызбек, «Синдикат Қазақстан» бизнес қауымдастығының негізін қалаушы, кәсіпкер Адилет Ауғанбаев, актер, Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Алькуат Тулеметов, Каспий қоғамдық университетінің оқытушысы Акимкожаева Шолпан мамандар кірді.

Байқау соңында әділ қазылар алқасы сайыскерлерге әділ бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтады. Жүлделі бірінші орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің командасы алды. Жүлделі екінші орынды Сулейман Демирель атындағы университетінің командасы иеленсе, ал үшінші орынға Алматы менеджмент университетінің командасы ие болды. Жеңімпаз атанған командалары бағалы сыйлықтар және арнайы дипломдармен марапатталды.

Байқауға қатысқан барлық студенттер грамоталармен, ал студенттерге жетекшілік еткен оқытушылар алғыс хаттармен марапатталды. 

Шығармашылық байқау қызықты әрі тартысты өтті.

Г. Садыр, ф.ғ.к., Тілдер орталығының оқытушысы