“СОТҚА “НҰРОТАН” ЕМЕС, “БРАТАН” БОЛЫП БАРДЫМ” - Көпен Әмірбек

“СОТҚА “НҰРОТАН” ЕМЕС, “БРАТАН” БОЛЫП БАРДЫМ” - Көпен Әмірбек

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, руханиятқа қамқор, рухы биік іскер азамат Ислам Әбіш Су комитетінің төрағасы болып тұрғанда қазынаның триллионын қорғап қалғаны үшін жазықсыз жала жабылып, түрмеге түскенде, Көпен ағамыз сотына барып қатысып жүрді. Журналистерге сұхбат берді. Бұрын Исекеңе күніне кемінде үш мезгіл телефон соғып, саулығын сұрап тұратын кейбір “достары” қарасын көрсетпей кеткенде, Көпен ағамыздың сот отырыстарына қатысып, Ислам інісінің жағдайын сұрап, соттың әділ өтуін талап етуі үлкен азаматтық еді. Бұндай еркіндік танытқан ісі үшін “Нұр отан” партиясының мүшесі Көпенге бір орысшалау партия шенеунігі наразылық танытып, ескерту жасапты. Сөйтсе, сөзден тосылып көрмеген Көпекең қынаптан қылыш суырғандай: “Мен Ислам інімнің сотына “Нұротан” емес, “братан” боп барып жүрмін”-деп, аузына құм құйып кетіпті…

Сөйткен Көпен көкем де кетіп барады…

Алла алдынан жарылқасын!

Қазыбек ИСА, 

Қазақ үні