АҚИЫҚ АҚЫНҒА АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ БЕРІЛДІ!

АҚИЫҚ АҚЫНҒА АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ БЕРІЛДІ!

Мұқтар Шаханұлы “Қазақстанның Еңбек Ері” атағымен марапатталды!  

Ұлы даладағы Ұлытаудың төрінде ұлы ақынның кеудесіне Алтын Жұлдызды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тақты!

Алаш күткен ақжолтай хабарды алғашқы болып, “Ақ жол” партиясы төрағасы Азат Перуашев телефон соғып хабарлап, сүйінші сұрады! 

Әлемге әйгілі ақиық ақын, қаһарман күрескер, қайсар қайраткер, мұзбалақ Мұқтар ағамыз қандай марапатқа да бек лайықты!

Күні кеше ән жұлдызы Шәмші Қалдаяқовқа “Қазақстанның Еңбек Ері” атағы берілгенде, марапат атаулылардан биік тұрған тұлға “Халық қаһарманына” лайық еді ғой деп ойлап қойсақ та, құдайға шүкірлік айтқанбыз. Қуанып тұрып, бүгін Құрылтайға Мұқтар Шахановтың келетінін ойлап, еліміздің бұл ең жоғары марапатының жалғасы болатынын да сезгендей болғанбыз.

Ел күткен ерекше марапат! Халықтың шын ықыласы!

Алла жар болып, Жұлдызыңыз жарқырай бергей, Мұқтар аға!

Қазыбек ИСА, 

Қазақ үні