Талғат Теменов мемлекетаралық сыйлықтың иегері атанды

Белгілі театр режиссері, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменов «Звезды содружества» мемлекетаралық сыйлығына ие болды.

Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Звезды содружества» мемлекетаралық сыйлығын беру жөніндегі Кеңестің шешіміне сәйкес, сіз 2019 жылға арналған сыйлықтың лауреаты атағына ие болдыңыз. Осы айтулы оқиғаға байланысты шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыз. Бұл сыйлықтың берілуі ТМД елдерінің сіздің шығармашылық жұмыстарыңызға және мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктерге жоғары баға бергенінің айғағы», - делінген ресми құттықтауда.

Талғат Теменовтің өз пікірінше, мұндай арнайы сыйлық жеке жұмыс үшін емес, барлық шығармашылық әлеуеті мен жетістіктері үшін, ең алдымен адамгершілік үшін берілді.

«Бүгін олар маған қоңырау шалып, бұл жаңалықты айтты. Әрине, таңдандым, қобалжыдым. Бұл менің қуанышым емес, бұл бүкіл Қазақстан үшін жетістік. Мен қазақтың кино өнерін, қазақ театр өнерін шетелде танытқаныма өте қуаныштымын. Бұл мені қатты қуантады», - деді Т. Теменов.