Әуежайда шу шығарған «Дос-Мұқасан» тобының жетекшісі айыпты деп танылды

Айыпты деп танылды. Бірақ жаза арқаламайды. «Дос-Мұқасан» ансамблінің жетекшісі Мұрат Құсайыновқа қатысты елордалық сот бүгін осындай шешім шығарды, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Сот барысында композитор өзін түсіруге түбегейлі қарсы болды. Қылмыстық істі қараған сот оны билік өкілін балағаттағаны үшін кінәлі деп таныды. Бірақ қылығына ұзақ уақыт өкінгені үшін жауапкершіліктен босатты.

Сондай-ақ ел мәдениетіне сіңірген орасан еңбегі де ықпал етіпті. Ол заңда да қарастырылған екен. Сөйтіп, әйгілі композитор тура сот үстінде полиция өкілімен ымыраға келді.

Айта кетейік, әнші, композитор Мұрат Құсайыновқа қатысты жанжал 14-сәуір күні шыққан еді. Алматыға ұшпақшы болған ол Нұр-сұлтан әуежайында аяқ киімін шешуді талап еткен полиция қызметкеріне дауыс көтеріп, балағаттап, қол жұмсаған болатын.