Қазақстан мен Ресейдің туын қатар алып шыққан спортшы елді шулатты
2018 ж. 04 желтоқсан
7897
2

UFC шеңберінде жекпе-жекке шыққан спортшы боз кілемге екі елдің туын қатар алып шықты, - деп жазды kaz.365info.kz сайты.
Бұл жайт көпшілік ортада түсінбеушілік тудырды. Осыған байланысты спортшыға өз әрекетін түсіндіруге тура келген.
„Күрес — өз-өзіңді көрсету ғана емес, бұл өмірде бірдемеге қол жеткізу. Мен көптеген мемлекет пен қалаларда болып, М-1 белбеуін ұтып алған алғашқы қазақ ретінде тарихқа ендім.
Осы уақыт аралығында мен көптеген адаммен танысып, көбісі маған бауыр боп кетті. Әсіресе, Қазақстанның азаматтары. Мен ол жаққа өз үйіме барғандай барамын. Неге боз кілемге екі тумен шықты дейсіздер ме?..
Өйткені мен Ресейде туғанмын, ал Қазақстан менің туған үйім секілді боп кетті. Арада біраз уақыт өткеніне қарамастан UFC шеңберінде жекпе-жекке шығып, ақыры шулатып жеңімпаз аттандым. Бұл күні барша жұрт Орынбор туралы, қазақтардың кім екенін білді„ деп жазды жекпе-жек шебері Дамир Исмағұлов Инстаграмдағы жеке парақшасында.