ИНЧХОН-2014: боксшы Антон Пинчук ширек финалда бәсекелеседі
2014 ж. 26 қыркүйек
1566
0
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында қазақстандық боксшы Антон Пинчук алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Қазақпарат.
Ол 1/8 финалда қырғызстандық боксшы Сергей Паренконы 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Бокстан ұлттық құрама команданың төртінші боксшысы жеңіске жетті. Енді ширек финалда Антон 30 қыркүйек күні кешкі сессияда өзбекстандық Рүстем Тулягановпен қолғап түйістіреді.
Бүгін Антон Пинчукпен қатар Қайрат Ералиев пен Әділбек Ниязыметов те ширек финалға жолдама алды.
Ертең Азия ойындарында күндізгі сессияда бокстан әйелдер арасындағы сайыстар басталады. 1/8 финалда Жайна Шекербаева жапондық Томоко Кугумиямен, ал Гүлжайна Үбіниязова филиппиндік Нести Петесиомен бақ сынасады.
Ал кешкі сессияда Ілияс Сүлейменов индонезиялық Хулио Бриамен қолғап түйістіреді. Одан кейін шаршы алаңға тұғыш рет команда капитаны Данияр Елеусінов шығады. Оның қарсыласы - қытайлық боксшысы Ченг Су.
