"Астана" Еуропа Лигасында көп гол салған командалардың үздік бестігіне кірді
2014 ж. 09 тамыз
2177
0
УЕФА-ның мәліметтеріне сәйкес, "Астана" Еуропа Лигасының іріктеу сынында ең көп гол салған командалардың үздік бестігіне енді деп хабарлайды Қазақпарат.
Бұл тізімде екінші раундтан бастап, 4 матч қана өткізген және соған қарамастан 17 гол салған ресейлік "Краснодар" көш бастап тұр.
Екінші орынға словакиялық "Спартак" жайғасты. Үздік үштікті норвегиялық "Тромсе" түйіндеді.
1. "Краснодар" (Ресей) - 17 гол (4 матч);
2. "Спартак Трнава" (Словакия) - 15 гол (6 матч);
3. "Тромсе" (Норвегия) - 14 гол (6 матч);
4. "Стьярнан" (Исландия) - 13 гол (6 матч);
5. "Астана" (Қазақстан) - 13 гол (6 матч).
Еске сала кетейік, "Астана" үшінші кезеңде шведтердің "АИК" командасын екі ойын қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңген болатын.