“Алғыр азаматтардың мүмкіндіктерін барынша пайдалануымыз қажет" - Шырынбек Қазыханұлы
2026 ж. 25 қаңтар
226
0
Жақында Қызылорда қаласында өткен Ұлттық Құрылтайда ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстанның жаңғырудың жаңа кезеңіне бет бұрғанын нақты дәлелдеп, тың ұсыныстар жасады.
Мемлекеттік билік басқару Құрылымында бір палаталы Парламент -- Құрылтай және Халық Кеңесін құрып, жаңадан вице-президент лауазымын енгізіп, бірталай конституциялық өзгерістер жасалып реформалар жүргізіледі.
"Еліміз ауқымды саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Алдағы парламенттік реформа осы өзгерістердің өзегі болатыны анық,"-- деп Президент Тоқаев нықтап айтты.
Еліміздегі бір туар беделді азамат Академик Оразалы Сәбден ағаның “Дат” газетінің 04.09.2025 ж. шыққан "Жаңа Өркениттің Үш Тұғыры немесе Ұлы Ойшыл Рухымен Сырласу" атты мақаласы бүгінгі таңда өзіміздің сара жолымызды айқындауға үлес қоса алады.
Яғни, өзіміздің негізгі байлық рухани құндылықтарды жаңғыртып, жаңа технологиялық серпіліс жасап, елде қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек, - дегені Тоқаевтың реформасы мен үлкен үндестік тапқанын көреміз!
"Президентіміз ұлт болмысының арқауы деп атаған, ұлттық мүдденің өзегі ретінде саналатын Тіл Мәдениет Руханият негізіндегі дәстүрлі құндылықтарымыздың дами беретіні хақ, олар халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен бай мәдениеті -- біздің рухани жауһар қазынамыз. Елдік пен ерлікті, әділет пен бірлікті ту еткен ата - бабамыздың аманаты -- бүгінгі ұрпақтың басты бағдаршамы. Тарихты құрметтеу -- өткенді дәріптеу ғана емес, сонымен бірге келешекке сенімді қадам жасауға күш беретін рухани тірек. Дәстүрді сақтау арқылы біз ұрпақ сабақтастығын жалғастырамыз, ұлттық болмысымызды жоғалтпаймыз,"-- деген Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның сөзі Президенттің ұсынысымен үндестік тапты.
Мен жоғарыда атаған азаматтардың мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануымыз қажет.
Елімізде өркениеттің даму жолына өзіндік үлесін қосуды миссиясына балайтын Марғұлан Сейсембай, Өзіндік іс-тәжірибе мүмкіндігімен алдыңғы қатарлы компания құрып дәлелдеп көрсеткен Мұхтар Жәкішев секілді Азаматтар баршылық.
Мүмкіндіктерді жібермеудің жолы қайсы?
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сұхбатын оқып зерттеп зерделеген соң туындаған ойларым.
Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты деп басталатын Президентіміздің әңгімесі Еліміздің жарқын болашағына арнап жазылған жоспарындай болып көрінді маған.
Президентіміз Елімізде волонтёрлік қызметті дамытуға ерекше мән беріп, оны әділетті Қазақстанды құрудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі деп санайтынын айтыпты.
Президенттің пікірінше, Еріктілер -- Өз Елінің шынайы Патриоттары -- Олар Адамгершілік құндылықтарын бәрінен жоғары қойып, мемлекет пен қоғам арасында сенімді серіктестікті нығайтуда ерекше рөл атқарады екен.
"Таза Қазақстан" акциясын Еліміздің Президенті қолдап қуаттауында, Байтақ жасылдар Партиясының да өзіндік бір қосқан үлесі бар болар?!
"Мен Президент ретінде "Таза Қазақстан" акциясын алдағы уақытта да ерекше назарымда ұстаймын. Бұл жұмыстың мән-маңызы өте зор. Себебі, "Таза Қазақстан" жұртты үнемшіл әрі ақпейіл болуға, даңғазалықтан арылуға, үнемі ізденіп, алға ұмтылуға, ортақ жауапкершілікті ұмытпауға, елге жанашырлық танытып, қайырымдылық жасауға үндейді,"-- деген Президентіміз Көпшілік ХАЛЫҚТЫҢ алдына Үлкен тапсырма мен жауапкершілікті жүктеп , биік міндеттерді қойып отырғандай жағдайды көрдім.
Тапсырма мен міндетті орындауға Сол көпшілік ХАЛЫҚТЫ қалай жұмылдыруға болады?!
Әрине, көпшілік ХАЛЫҚТЫҢ бірден жанашырлық танытып, ізденіп, алға ұмтылып, қайырымдылық жасап, жауапкершілігі артып кете салмас. Бірақ, үлгі көрсетіп "Тазалықты" насихаттаудың артықтығы болмас.
Сәті түсіп тұрғанда айтайын: Елде әрбір жұмыс ОРНЫНДА тиімді Еңбек ҚАТЫНАСЫН қалыптастыратын ЗАҢ Тиімділік Кодексі қабылданса, елдің экономикасы қарыштап дамыр еді.
Әркім, мүдделі де мәжбүр болатын жағдайға қойылатын жүйе болады.
Басқа Елдерге ҮЛГІ болып Жаңа ПАРАДИГМА қалыптасар еді!
Осы тиімділік Кодексін мамандар алдында талқылауға мен дайынмын.
Менің 100 күндік Жоспарым да бар.
Әлі де АЙТАРЫМ бар!
Шырынбек Қазыханұлы,
Қазақ үні