Ел басшысына арман болған баспана
2025 ж. 07 тамыз
378
1

"Сингапур ғажайыбын" жасаған Ли Куан Ю отставкаға кеткеннен кейін көп елдерді аралап, дәрістер оқыды.
Әсіресе студенттік аудиторияны жақсы көретін. АҚШ университеттерінің бірінде студенттерге өмір бойы жаңа үй сатып ала алмағаны туралы айтып береді:
— Мен Лондон экономика мектебі мен Кембриджді бітірдім. Елге оралып, он жылдай адвокат болып жұмыс істедім. Шетелдік заң фирмаларда да, өз кеңсемде де. Істер өте жақсы жүріп жатты.
Адвокаттық қызметім арқылы елдің құлдырап бара жатқанын көріп, саясатқа баруға шешім қабылдадым. Партия құрдым, бағдарлама дайындап, сайлауға қатыстым.
Сол кезде үш балам дүниеге келіп, өсіп келе жатты. Отбасымыз шағын үйде, шулы ауданда тұратын. Үйімізді сатып не жалға беріп, тыныш әрі ауқатты ауданда кеңірек үй алуға бел байладық. Менің табысым жаңа үйге жететін.
Бір айдан кейін жаңа үйдің құрылысы бітетін. Ескі үйді жалға беруге келістік, құжаттарын реттеп, заттарды жинап, жұбайым жаңа үйге көшетінімізге қуанып жүрген...
Үй алу жоспарым аяқ астынан тас-талқан болды.
Біздің партия сайлауда жеңіске жетті. Мен, партия көшбасшысы ретінде, премьер-министр қызметіне тағайындалдым.
Жаңа үй туралы жоспардан бас тартуға тура келді. Отбасыммен былай түсіндірдім:
— Енді жаңа, кең үйге қалай көшпекпіз? Халық не дейді?
«Бір ай премьер болды да, үй сатып алды» дейді ғой...
Ешкім мән-жайды білгісі келмейді, ешкім тыңдамайды. Ешкімге дәлелдей алмайсың, бұл ақшаны мен сайлаудан бұрын тапқанмын деп. Барлығы тек фактіге қарайды - «премьер болды — бір айдан кейін үй алды». Осындайдан кейін мен елде тәртіп орнатамын деймін бе? Адамдар: «алдымен өзіңнен баста» дейді. Және олар дұрыс айтады.
Қатты өкінішпен, отбасының көз жасымен жаңа үйден бас тартуға тура келді. Жанұямды «Міне, бес жылдан кейін сайлау болады, саясаттан кетемін де, үй аламыз. Тек 5 жыл күте тұрыңдар» деп жұбаттым.
Ол премьер-министр қызметін 30 жыл атқарды. Жаңа үй туралы жоспар үнемі кейінге қалдырылды: «Келесі сайлаудан кейін, тағы да күтіңдер»...
Саясаттан кеткен кезде, жасы келіп қалған еді. Ол кезде адам ешқайда көшкісі келмейді. Сөйтіп, әйелімен өмір бойы тұрған сол ескі үйінде қалды. Жаңа үй арманы ешқашан орындалмады.
Жаңа үй ала алмады. Бір айға кешікті.
Ертерек қамдану керек еді.
Желіден.
Өмір Шыныбекұлы парақшасынан.