СҚО әкімі Сұлтанов су тасқынын денесіне "су жұқтырмай" тамашалады (фото)

027 026Бүгін СҚО әкімі Ерік Сұлтанов пен ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Жасұлан Жұмашев қызыл су басқан елді мекендерді әуеден шолып қайтты, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. 022Облыс әкімі өзен-көлдердің ахуалын жіті бақылап, жергілікті халықты қызыл су басудан сақтауға бағытталған жергілікті биліктің, құтқару қызметтерінің жұмысымен танысты. Шағалалы өзенінің арнасы, Үлкен Таранкөл, Бозарал, Балықты, Сарыкөл көлдеріне шолу жасалып, Тайынша және Аққайың аудандары, сондай-ақ Сергеевский су торабына бақылау жүргізілді. 023Үлкен Таранкөлдегі жағдаймен танысу кезінде Есіл ауданының әкімі Мұратбек Әбішев өңірдегі ахуалды баяндап берді. 024Шал ақын ауданында облыс әкімі Сергеевский су торабындағы жағдайды өз көзімен көріп қайтты. Мұнда Сергеевский су қоймасының басшысы Бағлан Қарабеков жағдай бақылауда екенін жеткізді. 025Дерек көзі: ҚазАқпарат