«Эйр Астана» ұшағының бортында жолаушы көз жұмды

Бүгін Үндістанның Дели қаласынан Қазақстанға бағыт алған «Эйр Астана» әуе кемесінің бортында жолушы қайтыс болды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Алматы халықаралық әуежайының facebook-тағы парақшасына сілтеме жасап.

Делиден Алматыға ұшып бара жатқан AirAstana әуе компаниясының рейсінде қайтыс болған жолаушы Қазақстан азаматшасы. 67 жастағы зейнеткер ұшу алдында өзін нашар сезініп, билетін келесі күнге ауыстырған екен.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайтыс болған зейнеткер онкологиялық аурумен ауырған. Ұшу кезінде оның жағдайы күрт нашарлаған. Ал әуе кемесінің келуі кезінде Алматы халықаралық әуежайының медициналық қызметкерлері оның қайтыс болғанын мәлімдеді.