Министрлік өкілдері жоғары балл жинаған түлектер неліктен грант ала алмағанын түсіндірді

Tengrinews.kz иллюстрациясы

ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова мемлекеттік білім гранттарын ала алмай қалған түлектердің ата-анасының наразылығы қандай екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гүлхат Көбенованың сөзінше, грант бөліну туралы ақпарат БАҚ-та жарияланғаннан кейін БҒМ-ға наразы ата-аналардан арыз түсе бастаған. Бұл шағымдардың барлығы қаралған.

"Бізге түскен шағымдардың бәрін қарағаннан кейін, "әрбір ата-ана оны әрқалай түсінгенін байқадық. Біріншіден, биыл грантқа түсу балы өзгерді. Олар әлі де 100 ең жоғары балл деп ойлайды. Ал биыл талапкер 140 балл жинай алуы мүмкін еді. Сонымен бірге, ол қайда өтініш берді және онда конкурс қандай екені де маңызды", - дейді Көбенова ОҚК-да өткен брифингтен тыс.

Департамент директорының айтуынша, талапкерлер техникалық мамандықтарға назар салмастан, бұрынғысынша экономикалық және заң факультеттерін таңдап жатыр.

"Балалар құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, жалпы медицина, қаржы, маркетинг мамандықтарын тапсырған ата-аналардан шағымдар болды. Ал бұл бағыттарға басымдық берілмеген және елімізде мұндай мамандар жеткілікті. Біз қаншама жылдан бері техникалық мамандық таңдаңыздар деп айтып келеміз. Қазір инженерлерге сұраныс өте жақсы. Неге балалар сол бір мамандықты таңдай беретінін түсінбеймін", - деп атап өтті ол.

Осы мәселеге қатысты ол бір мысал келтірді. "Кеше ата-аналармен кездесу кезінде бір түлек келіп: "Биыл бітірдім, 106 балл жинадым. Мұның аз екенін біле отырып, тәуекелге бардым да, "Халықаралық құқық" мамандығына тапсырдым" дейді. Енді не деуге болады? Бұл жерде баланың өз таңдауы болды", - деп атап өтті Көбенова.

Сонымен қатар, биыл "Алтын белгі" иегерлерінің саны тым артып кеткеніне наразы болғандар да бар екен.  "Оны олар ҰБТ қорытындысы бойынша алған жоқ, биыл олар мектепте жеке емтихан тапсырды. Сол жерде мектеп шешім шығарып отырды", - деп түсіндірді департамент директоры.

Ресми мәліметтер бойынша, биыл гранттар ҰБТ қорытындысы бойынша бөлінді және ауылдық квота мен өзге де жеңілдіктер есепке алынды.

Комиссия отырысына "Атамекен" ҚКП, білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы, ЖОО-лар қауымдастығы және ата-аналар қоғамдастығының өкілдері қатысты.

"Ата-аналарға гранттарды автоматты түрде бөлу жүйесінің жұмысы көрсетілді. Олар барлық істің айшықты жүретініне және адами фактордың әсері жоғына көз жеткізді", - дейді БҒМ өкілі.

Сонымен қоса, "Алтын белгі" иеленушілері грантпен қамтамасыз етіледі. Сондықтан республикалық комиссия оларға университеттер, білім және ғылым министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі есебінен грант бөлу туралы шешім шығарды. Биыл грант саны 4 пайызға артып, 1487 грант қосылған. Бұл "Алтын белгі" иегерлерінің білімі жоғары екенінінің көрсеткіші. "Алтын белгі" иегерлері грантсыз қалмайды. Министрлік заңнаманы өзгерту бойынша жұмысты ары қарай жалғастырмақ. Келесі жылы гранттар ҰБТ қорытындысы мен жеңілдіктер бойынша ғана ("Алтын белгіні" есепке алмағанда) бөлу жоспарланып отыр.